Төтенше жағдай режимі кезеңінде Президент Қ.Тоқаевтың тапсырмасы «Жұмыспен қамутдың жол картасын» іске асыруға 1 трлн теңге қарастырылған. Бағдарламада 7 мыңнан аса жоба қамтылады. Оның ішінде 300-ден астамы өнімді, перспективалы жобалар, бұл жобалар тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Жаңа «Жұмыспен қамтудың жол картасын» қаржыландыру 240 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, ол жобаны жүзеге асыру кезінде уақытша жұмыспен қамтуды ғана емес, тұрақты жұмыс орындарын құрылады деп күтілуде.
Жоғары тәуекелді салаларға сауда, туризм, қоғамдық тамақтандыру салаларындағы ШОБ субъектілері жатты. Бұл секторларда 1,6 млн аса жұмыскер жұмыспен қамтылған.
Жол картасы келесі жұмыстар мен нысандар түрлері бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды қарастырады:
1) әлеуметтік-мәдени нысандарды - білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, бос уақыт және демалыс, тұрғындарға қызмет көрсету нысандарын күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары, реконструкциясы (сейсмикалық қауіпті өңірлер үшін сейсмокүшейту арқылы күрделі жөндеуге жол беріледі);
2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, реконструкциясы (сумен қамту, кәріз жүйесі нысандары, газбен, жылумен, электрмен қамту жүйелері);
3) инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, реконструкциясы, құрылысы (қалалық автомобиль жолдары, кент ішіндегі және ауыл ішіндегі жолдар, кіре беріс жолдар, жаяу жүргінші жолдары, бөгеттер, дамбалар мен көпірлер, каналдар, су шаруашылығы нысандары мен құрылымдары);
4) елді мекендерді абаттандыру (аулаларды абаттандыру, көшелерді, саябақтар мен скверлерді жарықтандыру және жасылдандыру, иесіз нысандарды, шағын сәулет мүсіндерін, қоршауларды, балалардың ойын және спорт алаңдарын бұзу).
Бағдарламаға кімдер қатыса алады?
Халықты жұмыспен қамту орталықтары қажетті біліктілігі бар мамандарды іріктеп және осы ауданда (қалада) тұратын жұмыссыздарды, оның ішінде уақытша тіркеуде тұрғандарды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыратын мердігер жұмыс берушілер бағыттайды, ал қажет болған жағдайда жұмыс берушілердің тиісті жұмыстарын орындау үшін кадрларды қайта даярлауды қамтамасыз етеді. Бұл ретте еңбекке орналастыруда 29 жасқа дейінгі жастарға басымдық беріледі.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру биыл сәуір айында басталды. Күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта жөндеу бойынша инфрақұрылымдық жобалар қара күзге дейін іске асырылады, ал жаңа нысандардың салынуын көздейтін жобалар жыл соңына дейін іске асырылады.
Биыл жобаларды іске асыру кезінде 250 мың жұмыс орнын құру жоспарланған. Шарттарға сәйкес, жұмыскерлердің кемінде 50%-ы жұмыссыз жастарға басымдық берумен Жұмыспен қамту орталықтары арқылы жалданатын болады.
Жастар күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік-мәдени, инженерлік-көлік нысандарының күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына, реконструкциясы мен құрылысына және елді мекендерді абаттандыруға қатысады.