• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Сәуір, 2020

Димаш мүгедек бала бағып отырған отбасыларға азық-түлік жеткізді

274 рет
көрсетілді

Димаштың ұйымдастыруымен әрі оның жеке қаражаты есебінен Ақтөбеге арнайы азық-түлік пакеттері жеткізілді. Оны Nur Otan партиясы «Jas Оtan» жастар қанаты қатарындағы еріктілер тобы әр отбасыға таратып, үйлестіріп берді. Оның ішінде «Димаш» шайы да бар.

Халқымыздың аса дарынды ұлының жанашырлығы мен шынайы көмегіне қиын шақта мүгедек балаларға қол ұшын беру жөнінде қабылдаған шешіміне ата-аналар шексіз ризашылығы мен алғыстарын білдірді.

Айта кетерлік жәйт бұған дейін Димаш инстаграм парақшасында коронавирус індеті кезінде барлық отандастарымызды үйден шықпауға шақырған болатын. Осы орайда ол төмендегідей жолдарды жазып қалдырыпты.

«Бұл бұрын-соңды болып көрмеген қауіпті құбылыс, жағымсыз жәйт. Оны жеңіп шығатынымызға сенімім мол. Өйткені өмірде өзгермейтін ештеңе жоқ. Бәрі де өткінші. Мен сендерге сенемін. Өздеріңді қорғай біліңіздер. Біз қазіргі кезде тек үйде отыруға тиіспіз. Сіздерге ең алдымен амандық тілеймін. Күллі әлемді билеген ауыр індеттің алдын-алу мақсатында атқарылып жатқан ьарлық сақтық шараларына немқұрайлы қарамауға шақырамын. Сәл төзімділік танытыңыздар. Алла бәрімізге сабыр берсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын» деді ол.

Сондай-ақ Димаш өз парақшасында бүгінгі күні коронавирус індетімен жанқиярлықпен күресіп жатқан өз ой-пікірін төмендегіше тұжырымдаған.

«Адамдарға араша түсу үшін өз бастарын қауіп-қатерге тігіп жүрген медицина қызметкерлерінің іс-қимылдарына тәнтімін. Еліміздегі және тұтастай әлемдегі денсаулық сақшыларына басымды иіп, алғысымды айтамын. Әдетте әншілер мен кино жұлдыздары, атақты спортшылар ел-жұрттың шексіз қошеметі мен құрметіне ие болып жатады. Солардың арасында өзім де бар екенім белгілі. Дегенмен қазіргі қиын-қыстау кезеңде дәрігерлер қоғамымызда бұдан да жоғары құрмет пен қолдауға әбден лайықты деп есептеймін» деп жеткізді ол. 

 

АҚТӨБЕ