• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Экономика 08 Сәуір, 2020

Қазақстанның ірі бизнес өкілдері салық жеңілдіктерін сұрайды

311 рет
көрсетілді

Енді  ірі бизнес өкілдері де  преференциялар алуға ниет білдіріп отыр.  «Атамекен» ҰКП  салық департаментінің директоры Жеңіс Жанболатова қабылданатын шаралар ШОБ-ты әлсіретіп алмауға бағытталғанын айтты.  Бірақ қазіргі таңда  ірі бизнес өкілдері қиындықтармен бетпе-бет қалып отыр.

Ай сайын төлейтін аванстық төлемдерінде де проблемалар бар. Олар кейбір төлем түрлерінің кейінге шегерілгенін қалайды. Себебі ШОБ-тың әлеуетін көтеруге бағытталған шаралардың шапағаты бизнес өкілдерінің бәріне бірдей жетпей жатыр. Сондай-ақ ірі бизнес өкілдері  ҚҚС пайыздық мөлшерлемесін қайта  қарауды сұрап отыр. Қазір бұл ұсыныс кәсіпкерлер арасында талқыланып жатыр. Олардың пікірлері мен ұсыныстары зерттеліп, зерделенген соң Үкіметке ұсыныс ретінде жолданады.   Бірінші пакет қабылданған кезде жағдай басқаша еді. Ол кезде Нұр-Сұлтан қаласы мен Алматы қаласы ғана карантинге жабылған. Қазір жағдай басқаша.  Екі қаланың емес, елдегі барлық кәсіпкерлер қиындықпен бетпе-бет қалып отыр. Сол себепті жағдайдың беталысына қарап шешім қабылданғанын қалаймыз» дейді ол. 

Оның пікірінше, салықтың үш айға кейінге шегеру мәселесі тағы да пысықталатын болды. «Көп нәрсе жасалып жатыр, көптеген шаралар қабылдануда. Қазір төтенше жағдайлардан зардап шеккен салалар анықталып жатыр. Сол себепті кейбір шаралар кезең-кезеңмен жүргізілгені дұрыс. Алғашқы көмек пакеті бойынша қолдау шаралары 1,3 млн кәсіпкерді қамтыды» дейді Жанболатова.

Сондай-ақ жалақы қорынан салықты кейінге шегеру төтенше жағдайда ең көп зардап шеккен салаларға қарай бағытталып жатыр. «Қазір жұмыс істеп, пайда тауып, кейбір операцияларды жүзеге асырып жатқан салалар бар. Жағдайдың қалай болатыны алдағы уақытта анықталады. Кәсіпкерлер әлі жұмыс істейтін салалар бар. Олардың кірістері бар, кейбір операциялар жасалады. Еңбекақы қорының жүктемесі 32,5% құрайды делік. Ал зардап шеккен салалар үшін алты ай ішінде толықтай жойылады. Мемлекет басшысы салалардың тізімі жаңартылатын болады деді. Бұл тізім кезең-кезеңмен, жағдайға байланысты кеңейетін шығар»,  деп түйіндеді Жанболатова.

АЛМАТЫ