• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Экономика 08 Сәуір, 2020

Әлемдік қор биржалары: қор индекстерінің өсу тенденциясы байқалады

537 рет
көрсетілді

Бұл 7 сәуірдегі жағдайдың қортындысы. Кеше инвесторлар арасында  әлемде  коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеп бастады деген үміт басым болды.

АҚШ қор биржасының индекстері сауда сессиясының басында 0,8-2% өсті. Батыс еуропалық қор  индекстері  6 сәуірмен салыстырғнада   2,5% өсті.  Биржа ойыншылары  бір апта ішінде  Италиядағы өлім-жітім санының 20 пайызға, ауруханаға жатқызылғандардың саны 90 пайызға төмендегенін айтып отыр.  Германиядағы өнеркәсіп өндірісінің динамикасы туралы соңғы мәліметтер де оң.

Мәскеу уақытымен 18.14-те еуроның айырбас бағамы алдыңғы фиксингпен салыстырғанда 0,9% өсті және 1,0888 долларды құрады.

Сарапшылар әлемдік қор биржаларында сейсенбі, 7 сәуір күні кешке қор индекстері жоғарылағанын айтып отыр.  Бұл фактор бүгінгі КАСЕ-дегі ойын ережесіне де ықпал ететіні анық.  Басқаша мүмкін емес.