• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Сәуір, 2020

Алтын қорымыз көбейіп келе жатыр

166 рет
көрсетілді

«Ақпан айының соңында Қазақстанның халықаралық резерві 29,9 млрд долларды құрады. Бұл қаңтар айымен салыстырғанда 1,9%-ға, өткен жылдың ақпанымен салыстырғанда  2,6%-ға  жоғары» деп хабарлады Finprom.kz. 

Резервтің валюталық бөлігі азайып келе жатыр. Оның көлемі ақпанда 9,6 млрд доллар болды. Айта кетсек, 2015 жылдың ақпан айында 21,5 млрд доллар болған. Одан бері төмендеп,11,9 млрд-қа азайған. Валюталық бөлігі азайғанымен, халықаралық резервтің алтын қоры ұлғайып келеді. Соңғы бір жылда 33,7%-ға немесе 5,1 млрд долларға ұлғайып, 20,3 млрд долларға жетті. Ал соңғы бес жылда 26,1%-дан 67,9%-ға артты. Бұған себеп - әлемдік нарықта алтын бағасының өсуі.

31 наурыздағы жағдай бойынша алтын құны унциясына 1618,3 долларға жетті. Жыл басынан бергі өсім – 5,4%.

Айта кетейік, дамыған елдердің көпшілігінің халықаралық резервінде алтын қоры көбірек. Мысалы, Еуро Одақ елдерінде алтын үлесі – 58,6%.