Бүгін Қарағанды облысында екі адамның COVID-19 жұқтырғаны зертқаналық негізде анықталды. Бұл науқастар карантиндік стационарда жатқандардың арасынан шыққан.
Қазір олар індетке қарсы қауіпсіздіктің қажетті шаралары сақтала отырып, бокстарға оқшауландырылды, тиісті ем-дом алуда. Дәрігерлер науқастардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық екенін айтады. Науқастармен байланыста болған адамдар анықталуда, олардың барлығы медициналық бақылауға алынады. Ауру ошақтарында дезинфекция жүргізіледі.
Бүгінгі дерек бойынша, Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 57 оқиғасы зертханалық тұрғыда расталды.
Облыста үй карантинінде 1 594 адам отыр. Тәулік бойы бақылауға 818 тұрғын алынған. Бұлардың барлығы 1А және 1Б санатындағы елдерден оралған немесе вирус жұқтырған адамдармен шартты түрде байланыста болған азаматтар.
Қарағанды облысы