Әлеуметтік төлемдерді рәсімдеп беремін деген алаяқтардың қолына түспеу үшін:
Төлемдерді растау үшін пайдаланылатын ЖСН (ИИН), төлем картасының немесе шоттың деректерін, SMS-хабарламаның коды және цифрлы қолтаңбаны ешқашан ешкімге айтпаңыз. URL-адресті тексеріңіз. Әсіресе таныс емес кісілерден алған сілтемелерді тексеріңіз. Алаяқтар жазылуы бойынша ұқсас домендерді жиі пайдаланады. Конфиденциальды ақпаратты, мысалы парольді енгізуді талап ететін сайттарда https:// префиксінің бар-жоғын тексеріңіз. Заманауи браузерлердің көпшілігінде фишингтің жаппай шабуылына қарсы тұрудың ендірілген тетіктері бар. Сондықтан қауіптер туралы браузердің хабарламарына мән беру керек. Егер сіз ұйымдардың сайты немесе парақшасының фейк екеніне көз жеткізсеңіз банкке қоңырау шалып, ақпаратты нақтылап алған жөн. Банк менеджерлері алдымен клиентке қоңырау шалмайды, сондықтан сізге қоңырау шалып, шотыңыздағы түсініксіз транзакцияларды бұғаттау үшін SMS арқылы келіп түскен кодты сұраса айтпаңыз және банкке хабарласыңыз. Егер сіз күдікті сайтта тіркелген болсаңыз жеке деректеріңізді қорғау үшін электронды поштаңызды өзгерту керек.
Қоғам
•
09 Сәуір, 2020
Әлеуметтік төлемдерді рәсімдеймін деген алаяқтардан қалай сақтануға болады?
210 рет
көрсетілді