• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Сәуір, 2020

Ақтөбе облысында жергілікті өнім бағалары тұрақты

507 рет
көрсетілді

8 сәуір, сәрсенбі  күні Ақтөбе облысының әкімі  Оңдасын Оразалин  Үкімет бекіткен әлеуметтік маңызы бар 19 өнімге, яғни, бірінші сұрыптағы ұннан жасалатын нан, қарақұмық, күріш, өсімдік майы, сиыр еті, жұмыртқа, картоп, қырыққабат, сәбіз, жуа, шекер, айран-сүт, сүзбеге бекітілген  азық-түлік бағаларының тұрақтылығын бақылау мақсатында Ақтөбе қаласындағы бірқатар кәсіпорындарды аралады.

Аймақ басшысы алдымен «Жаңаальджан ұн зауыты» ЖШС-нің ұн және макарон өнімдері қорын тексерді. Жылына 110 мың тонна ұн, 7,2 мың тонна макарон өндіретін кәсіпорында жағдай тұрақты. Зауыт басшысы  Бекнұр Беисовтың айтуынша келесі егістік маусымына дейін бидай қорлары толық жеткілікті, сондықтан да бағаны көтеруге еш негіз жоқтығын айтады. Қазір мұнда күніне 500 тонна азық шығарылуда.Сұйық май шығарумен айналысатын «Ақтобе Фудс» ЖШС, «Rokos Group Global» кәсіпорындары да 24 сағат жұмыс жасайды. Өсімдік майының 13 түрін өндіретін  «Ақтобе Фудс» ЖШС жылына 40 000 тонна өнім шығарады. Шұжық өңдеуші «Rokos Group Globalдың» қоры 1300 тонна құс етімен толыққан. Алдағы екі ай бойы облыс нарығын қамтуға мүмкіндігі бар. Аталған мекемелердің басшылары облыс әкіміне өнім бағаларының  көтерілмейтіндігіне уәде берді. Бұдан соң өңір басшысы  «АгроОптСервис» ЖШС көтерме базарында және «Айбек» ауылдық тұтыну кооперативінің ет консерві цехында болды. Базар басшысы  Бекболат Биболатов азық-түліктің жеткілікті екенін айтты. Сауда орталығының қорында  400 тонна картоп, 130 тонна сәбіз, 180 тонна қырыққабат, 300 тонна жуа бар.

Мұндағы сатушылар әр тауардың үстіне  көтерме бағадан 5-10 теңге  ғана қоюда. «Айбек» АТК цехында консервілік, шұжық және жартылай фабрикаттар бөлімдері бар. Цех қуаттылығы жылына 4680 тонна консерві өнімдерін, 1500 тонна шұжық өнімдерін, 300 тонна жартылай фабрикаттарды құрайды. Мал сою алаңына аудандардан  күніне 50 бастан жоғары жеткізілетін мал сойылады. Өнімдері облысты ғана қамтып қоймай РФ жеткізіледі. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин сүтті қайта өңдеу зауыты «Айс Плюс» ЖШС, «Пригородный» ЖШС, көкөністерді өндіру және сақтау қоймасының, және «Атамекен-Нан» ЖШС жұмыстарымен танысты.  «Айс Плюс» ЖШС күніне 35 тонна сүт өнімдерін үздіксіз өндіруде. 2015 жылдан бері бірқалыпты бағаны ұстанып отырғандығын жетізген зауыт басшысы Қуаныш Есжанов наурыз айының басында бағада құбылу болғандығын жасырмады. Оған себеп, өнімдердің қорабы РФ келетін болғандықтан, тауар сыртын көрші ел қымбаттатқан. Дегенмен, әлеуметтік маңызы бар өнімнің үш түрінде баға өзгермеген. «Пригородный» ЖШС-де көкөніс қоры жеткілікті. Қойма жылына 5000 тонна өнім сақтауға қауқарлы,  алдағы уақытта  сақтау орындарының көлемін 2 есеге дейін ұлғайтуды жоспарлайды.                        

Ал күніне 11-15 тонна нан өнімдерін шығарушы  «Атамекен-Нан» ЖШС  Ақтөбе қаласы мен Қарғалы, Алға, Мәртөк, Қобда,Мұғалжар аудандарын нанмен қамтмасыз етеді. 1-ші сұрыптағы нанға деген тұрғындардың сұранысы жоғары, әрі дүкендерде 85 теңгеден сатылуда. Атқарушы орган ретінде  біздің мақсатымыз, жергілікті тұрғындардың әлеуметтік азық-түліктерден таршылық көрмеуін қамтамасыз ету, бағаның шарықтауына жол бермеу екендігін жеткізген облыс әкімі Оңдасын Оразалин орынбасары Аманғали Бердалинге  күнделікті қажетті өнімдердің бағасын үнемі қадағалап отыруды тапсырды.