• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Технология 09 Сәуір, 2020

ZIK компьютерлері Қазақстан электрондық өнеркәсібінің тізіліміне енгізілді

228 рет
көрсетілді

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 03 сәуірдегі бұйрығына сәйкес «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ-ның («Қазақстан инжиниринг» ҰК-ның еншілес кәсіпорны) өнімдері сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізіліміне енгізілді деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Атап айтқанда ол өнімдер: «Дербес компьютер (жұмыс станциясы ZIK-PC01)», «Дербес компьютер (ZIK-PC02 жұмыс станциясы)» және «Ноутбук» (Ультрабук ZIK S-133) ».

Бұл тізілімге енгеннен кейін мүдделі мемлекеттік органдар ZIK компьютерлеріне мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы қол жеткізе алады. Естеріңізге сала кетейік, зауыт дәлдік класындағы 5 қабатты (16 қабатқа дейін) баспа платаларын шығаратын өндіріс желісін іске қосты.

Бүгінгі таңда аталмыш кәсіпорын өз елімізде компьютерлік техника өндіруді локализациялау бойынша үлкен әлеуетке ие. 

Аталған тізілім мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай алаңында орналасқан.