ШҚО-ның бірнеше ауданында қардың қалыңдығы бір метрге жуық. Елдімекендерде су тасу қаупі басым, деп хабарлады осы облыстың төтенше жағдай қызметінің мамандары.
Күршім ауданында (Марқакөл қорығында) қардың қалыңдығы – 60 сантиметрден артық, ең қалың тұсы – 95 сантиметр. Алтай ауданында – 88, Глубокое ауданында 54 сантиметр. Ал кейбір аудандарда 25 сантиметрден аспайды.
Төтенше жағдай комитетінің ақпаратынша, автомобиль және пойыз жолдарының бойындағы арықтар 100 пайыз ашылды. Төтенше жағдай туындайтын болса, қорда 655 тонна жанар-жағар май, 4 955 тонна инертті материал, 111 465 дана қапшық бар. Облыс бойынша 340 мотопомпа дайын тұр.