Мерзімді әскери қызмет өткермегендер де арнайы жиынға шақырылуы мүмкін. Бұл туралы Қазақстан Республикасының ҚК Бас штабы бастығының орынбасары Серік Боранбаев айтты.
«Мерзімді әскери қызмет өткермегендер арнайы жиынға шақырылуы мүмкін. Біріншіден, ол денсаулығына байланысты. Оның мамандығы өздері талап еткен әскери есептік мамандығына сай болса, іс жүзінде жұмыс тәжірибесі бар болса, арнайы жиынға шақырылуы мүмкін» деді Бас штаб бастығының орынбасары.