• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Сәуір, 2020

Әр медбике мен санитарға 50 000 тенге көлемінде қаржылай көмек берді

1242 рет
көрсетілді

Бігінгі күні коронавирус індеті мен белшеше күресуге кіріскен ақ халатты абзал жандарға қандай көмек көрсетілсе де артық етпейді. Бұл тұрғыда Ақтөбелік кәсіпкерлер жақсы бастама көтеріп, уақытпен санаспай әрі үйлеріне де бармай КВИ жұқтырған науқастарға ем-шара жасап жүрген дәрігерлерге заттай және қаржылай түрінде көмек бере бастағаны еріксіз сүйсіндіреді.

Өңірде бұған «АКТЕП» ЖШС-ның дәрігері Нұрлан Сағынарин бастамашы болса, бұл шапағаты мен сауабы мол істі «Казхром» Транс Ұлттық компаниясы одан әрі жалғастырып алып кетті. Атап айтқанда, аталған компанияға қарасты «Ақтөбеферроқортпа» зауытының жетекшілері Ақтөбе медицина орталығының кіші қызметкерлеріне 50 мың теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетті.

Бұл қаражат орталықтағы медбикелер мен санитарлардың және қабылдау бөлімі мамандарының жеке есепшоттарына аударылды.