Коронавирустық пандемиямен күрес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің бейне форматында өтетін кезектен тыс отырысының басты тақырыбы болмақ. Бұл туралы бүгін РФ СІМ таратқан хабарламада айтылды.
«Пандемиямен күрес мәселелері алдағы күндері видеоконференция форматында мемлекет басшылары деңгейіндегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелерінің кезектен тыс отырысының басты тақырыбына айналады», деді министрлік.
Бұған дейін Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алқасының төрағасы Михаил Мясникович ЕАЭО басшылары 14 сәуірде бейнеконференция арқылы жиналыс өткізетінін айтқан болатын.
АЛМАТЫ