• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Коронавирус 13 Сәуір, 2020

Елімізде індет жұқтырғандар саны 961 адамға жетті

380 рет
көрсетілді

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққан тағы 10 адам анықталды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлады.

«13 сәуір сағат 09.00-дегі жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 10 адам тiркелді: Қызылорда облысында - 1 адам, Алматы қаласында - 7 адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 2 адам. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 253 адам, Алматы қаласында – 172 адам, Қарағанды облысында - 65 адам, Ақмола облысында - 71 адам, Атырау облысында - 59 адам, Жамбыл облысында - 46 адам, Шымкент қаласында - 38 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Алматы облысында - 21 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 10 адам, Маңғыстау облысында - 10 адам, Қызылорда облысында - 119 адам, Батыс Қазақстан облысында - 9 адам, Түркістан облысында - 43 адам, Қостанай облысында - 3 адам, жалпы 961 науқас тіркелді» делінген ақпаратта.

Еске сала кетейік, коронавирустан бүгінде 99 науқас жазылып шықты. Олар - Нұр-Сұлтан қаласы – 37, Алматы қаласы – 49, Шымкент қаласы – 2, Ақтөбе облысы – 1, Алматы облысы – 1, Атырау облысы – 2, Жамбыл облысы – 3, Батыс Қазақстан облысы – 1, Қарағанды облысы – 1, Павлодар облысы – 1 және Солтүстік Қазақстан облысында 1 адам. 

10 науқас көз жұмды: Нұр-Сұлтан қаласы – 1, Алматы қаласы – 2, Шымкент қаласы – 1, Ақмола облысы – 3, Қарағанды облысы – 1, Павлодар облысы – 1 және Түркістан облысында 1 адам. 

 

 

Соңғы жаңалықтар