• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Сәуір, 2020

Қарағандыда COVID-19 жұқтырудың 11 оқиғасы тіркелді

204 рет
көрсетілді

Бүгін Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 11 оқиғасы зертханалық сараптама негізінде расталды. Бұл адамдар бұрын COVID-19 жұқтырған науқастарымен байланыста болған екен. Ал олардың ішіндегі бір азамат пульмонологиялық госпитальдің пациенті болып шықты.

Қазіргі уақытта бұл науқастар арнайы бокстарға оқшауланып, емдеу курсынан өтуде.

Бүгінде Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 76-ға жетті. Бір адам осы індеттен қайтыс болды және бір науқас ауруханадан жазылып шықты.

Облыс бойынша үй карантинінде 1 640 адам бар. Тәулік бойы бақылауға 543 тұрғын алынған. Бұлар 1А және 1Б санатындағы елдерден қайтып келген немесе жұқтырған адамдармен шартты түрде байланыста болған азаматтар.

 

Қарағанды облысы