• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Сәуір, 2020

Kaspi Gold арқылы 351 мың қазақстандық 42 500 теңге жәрдемақы алды

474 рет
көрсетілді

Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе жаңа журналистермен вебинар кездесуде  соңғы үш күнде  351 мың қазақстандық Kaspi Gold арқылы 42 500 теңге жәрдемақы алып үлгергенін айтты.

«Kaspi Gold кезекті рет Kaspi.kz ұсынған ең сүйікті және танымал карта  мәртебесін тағы да растады. Тек соңғы 3 күнде 200 000  жуық қазақстандық біздің қосымшамыз арқылы онлайн Kaspi Gold шотын ашты» деді.

Жұма күні Михаил Ломтадзе қазақстандықтар бөлімшеге келместен, үйде отырып Kaspi.kz қосымшасында Kaspi Gold шотын ашуға мүміндік беретін жаңа, ерекше онлайн сервистің іске қосылғанын хабарлады. Шот нөмірін 42 500 теңге жәрдемақыны алу үшін пайдалана алады. Қазақстандықтар Kaspi Gold шотын ашқаннан кейін Kaspi Банкоматтан ақша шешіп, кез-келген  Kaspi Gold-қа ақша аударып, 5000-нан астам қызмет ақысын комиссиясыз төлеп, Kaspi.kz-тегі магазинде зат сатып алады және бонус алады. Карантин мен төтенше жағдай аяқталған соң KaspiGold пластикалық картасын Kaspi.kz-тің кез-келген бөлімшесінде 1-ақ минутта алып, қаладағы дүкендерде карта арқылы зат сатып алуға болады.