• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әлем 14 Сәуір, 2020

ЕОБ: Еуропадағы құлдырау әлемнің басқа елдеріне қарағанда күшті болады

411 рет
көрсетілді

«Еуропа әлемнің басқа аймақтарына қарағанда едәуір ауыр рецессияға ұшырауы мүмкін. ЕО елдерінің экономикасы тек келесі жылы ғана қалпына келеді» дейді  Еуропалық орталық банктің (ЕОБ) вице-президенті Луис де Гиндос.

Бірінші тоқсанда Франция экономикасы 6% -ға қысқарды, ал Германияның ІЖӨ өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10% төмендейді. Бұл мәліметтерді бүгін Bloomberg жариялады.  

«Қалай болғанда да, 2021 жылғы динамика 2020 жылдардағы ауыртпалықтың орнын толтыра алмайды» деді Луис де Гиндос.

ЕОБ  өткен аптадан бастап  экономиканы бұрын-соңды болмаған көлемде ынталандыру шараларын қолға алды.

Еуропалық Одақтың қаржы министрлері  өткен аптада коронавирустың экономикалық салдарларын жоюға арналған 540 миллиард еуро пакетін келісіп, бұрын-соңды болмаған пропорциялардың құлдырауының алдын-алу жоспарын мақұлдады.

Гиндостың айтуынша, коронавирустың зардаптарын жоюға жұмсалатын үкіметтің қосымша шығыны 1,5 триллион еуроға жетуі мүмкін. Бұл қаржы кезең-кезеңімен жұмсалады.