Қазіргі кезде Польшада республика өңірлерінен 116 студент оқып жүр екен. Олар отырған чартерлік рейс кеше Ақтөбе әуежайына келіп қонды. Сол кезде бәрі де төтенше жағдай талаптарына сәйкес дереу карантинге алынды. Тест арқылы жүргізілген тексерулер нәтижесінде студентерден КВИ анықталған жоқ. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев Egemen.kz тілшісіне осылай деп хабарлады.
- Олармен жүргізілетін сақтық шаралары одан әрі жалғаса береді. Сондықтан да әзірге олар Ақтөбеде карантинде бола тұрады. Тағы да сынамалар алыып, анализдер толықтай анықталғаннан кейін студенттер арнайы рұқсат қағазы бойынша Астана мен Алматыға және тұрғылықты мекен-жайы бойынша еліміздің елге өңірлеріне жөнелтіледі деді ол бұдан әрі.