Бүгін Қарағанды облысында науқас жұқтырғандармен байланыста болған тағы екі адамнан COVID-19 белгілері табылды. Олардың бірі – 44 жастағы ер адам стационарда жатқан екен. Ал 46 жастағы әйел жұқтырушымен шартты түрде байланыста болуы мүмкін деген күдікпен үй карантинінде болған.
Қазіргі уақытта бұл науқастар індетке қарсы қауіпсіздіктің барлық қажетті шараларына сай оқшауландырылған, оларға тиісті ем-дом көрсетілуде.
Ресми деректер бойынша, 15 сәуірде Қарағанды облысында COVID-19 вирусын жұқтырудың 80 оқиғасы тіркелді. Оның ішінде бір адам осы аурудан қайтыс болды және бір науқас жазылып шықты. Қазіргі уақытта ол үй карантинінде отыр.
Қарағанды облысы