• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Экономика 16 Сәуір, 2020

Ұлттық банк Нұр-Сұлтанға көшеді

509 рет
көрсетілді

Ұлттық банк Нұр Сұлтанға көшеді деген әңгіме шыққалы бері  ел ішінде «Алматының  қаржы орталығы ретінде танылуына Ұлттық банктің ықпалы мол болды. Енді бұл мүмкіндікті Нұр-Сұлтан қаласының қаржылық әлеуетін көтеруге бағытталуы тиіс» деген пікірдің бәсі басым болып келген. Енді бұл мәселеге нүкте қойылды.  

«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына көшіру туралы» 2020 жылғы 10 сәуірдегі Жарлыққа қол қойды.

Осылайша, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Алматы қаласынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының Нұр-Сұлтан қаласына 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін қоныс аударуды қамтамасыз ету тапсырылды.

Осыған дейін «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҰБ) Елордаға көшірілуі Алматының экономикалық болашағына теріс әсер етуі мүмкін» деген пікірді сарапшылар жиі айтып келген.  

«Қазақстан Қаржыгерлері қауымдастығы» (ҚҚҚ) кеңесінің басқарма төрайымы Елена   Бахмутова 2019 жылдың  қыркүйек   айында Алматыда өткен кәсіпкерлердің жыл сайынғы  V конференциясында  Алматының қаржылық мәртебесін жоғалтуы мегаполистің экономикалық болашағына теріс әсер етуі мүмкін екендігін тұспалдап жеткізген. Себебі, Бахмутова ханымның пайымдауынша, ЕАЭО  2025 жылы Алматыда ұлттықтан жоғары тұратын орган құру туралы шешімге күмән келтіруі мүмкін, ал мұндай органдар бизнесті дамыту үшін маңызды.

Сарапшылар ғана емес, кәсіпкерлер де  қаржы секторы Алматыда өндірілетін тауарлар мен қызметтерге төлем қабілетті сұранысты қалыптастыратынын,  бизнесті дамытуға және шетелдік инвесторларды тартуға ынталандыратынын айтады. «2011 жылы аймақтық қаржы орталығы ретінде жоба жабылғанына қарамастан, Алматы әлі де халықаралық қаржы орталығы болып табылады. 2019 жылы жарияланған қаржы орталықтарының жаһандық индексінде Алматы мен Астана Орталық Азиядағы жетекші қаржы орталықтары деп аталады», - деп түсіндіреді Бахмутова.

Жақында ХВҚ өкілдері 2020 жылы Орталық Азия, Кавказ және Моңғолияның тоғыз еліне аймақтық техникалық көмек көрсету орталығы жұмыс істей бастайды деп мәлімдеген болатын.  Енді бес  жылдан кейін қалада Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа қатысушы елдердің ортақ қаржы нарығын реттеудің ұлттықтан жоғары органы болады.

Ұлттық банк басшысы Е.  Досаев  Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде орталық банктердің барлығы дерлік астаналарда орналасқанын, Ұлттық банктің Нұр-Сұлтанға   көшуі номенклатура емес, орталық банктер үшін жиі кездесетін құбылыс екенін айтады.

Шындығында, Германия Федеративтік Республикасы мен Австралия Одағы мемлекеттік аппараты орталық банктерді көшіруге өз еркімен шешім қабылдамапты.  Жағдай соған мәжбүрледі. Мысалы, Сидней континенттің қаржылық орталығы болып саналады, өйткені онда австралиялық бағалы қағаздар биржасы (ASX), сондай-ақ 90 банктің бас кеңсесі және елдегі ірі компаниялардың жартысынан көбі орналасқан. Германияда Франкфурт «банктік қала» ретінде танымал.  Германияның он ірі банкінің бесеуінің штаб-пәтері, соның ішінде «Үлкен үштік» - Deutsche Bank, Commerzbank және DZ Bank. Еуроаймақтың ақша-несие саясаты мен қаржылық бақылауына жауап беретін Еуропалық орталық банк Германияның Федералды банкінің жанында қаланың іскери бөлігінде орналасқан.  Неміс бағалы қағаздар нарығы айналымының 90% -дан астамы қаланың сауда алаңы арқылы өтеді.

Ұлттық банктің Нұр-Сұлтанға көшуін қолдайтын топ бас банктің елордада, ашығын айтқанда Үкіметтің иегінің астында жұмыс істегенін қолдайды. «Олар мемлекеттік органдардың бәрі көшті, солай болуы тиіс» деген аргументті алға тартады. Ал қаржыгерлер болса орталық банктің елодада болуы ондай шешуші фактор емес, бірақ орталық банктің қаржы орталығында, бизнестің орталысында  болуы қаржы ұйымдары үшін өте маңызды, Қазақстандағы ШОБ-тың 40 пайызы Алматыда тіркелген деген  пайымға басымдық беріп отыр.

Алматыда Қазақстанның ірі салық төлеуші ​​компанияларының үштен бірі, 30-дан астам трансұлттық компаниялар, банктің бас кеңсесінің 86%, бірлескен және 43% ірі халықаралық ұйымдар орналасқан. Алматы - экономикасы 36 миллиард АҚШ долларын құрайтын Орталық Азиядағы ең дамыған мегаполис. Бұл мәселе журналистер қоғамы үшін де жаңалық емес. 2015 жылы Украинаның  «Archimatika»  cәулет компаниясы Ұлттық Банк ғимаратының дизайн-жобасын әзірлеп қойған. Ал тапсырыс беруші қазақстандық құрылыс компаниялары екені де белгілі.

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың түсіндіруінше,   Алматы қаласында жаңа агенттікті құру Ұлттық банкті қайта ұйымдастыру арқылы жүзеге асады.  Ұлттық банктің бірқатар функциясы мен өкілеттіктері жаңа агенттікке ауысады. Бұл деген сөз Ұлттық банктің штатындағы  шамамен 500 адам осы агенттікке ауыстырылады.   

Нұр-Сұлтан қаласы үшін тағы бір тиімдісі  Астана халықаралық қаржы орталығының ұстанымы мен беделін көтеруге бағытталмақ. Алматы ШОБ, қаржы ұйымдары, Үкіметтің ұстанымынша   қалыптасты. Нарықтың жағдайына бейімделді. Енді Ұлттық банктің әлеуетін Нұр-Сұлтан қаласының қаржылық әлеуетін көтеруге бағытталуы тиіс.