Ақмола облысы Бурабай ауданы Бурабай ауылындағы шаруа қожалық жұмысшысы егін егу алдында шаруа қожалығына тиесілі астықты ұрлап, сатқан.
39 жастағы ауыл тұрғыны 4 қап астық сатып үлгерген. 13 сәуірде шаруа қожалығының басшысы жетіспеушілікті анықтап, полицияға жүгінбеді. Қаскүнем жасағанын мойындады.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚК 188-бабы "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Ақмола полицейлері егіс науқанына дайындық іс-шаралары кезінде астық, ауыл шаруашылығы техникасының қосалқы бөлшектері, жанармай, гербицидтер және т.б. ұрлауды болдырмау және ашуға бағытталған шараларды тұрақты түрде қабылдауда.
"Ауыл шаруашылығы құрылымдарының мүліктерін сақтау – астық егетін аймақтардағы полицияның маңызды міндеттерінің бірі", - деп атап өтті тәртіп сақшылары.