Ұлттық банк биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап елордаға түбегейлі қоныс аудармақ. БАҚ бұл ақпарат кешелі бері қызу талқыға салынып жатқанымен бас қалаға көшу туралы шешім былтырғы жылдың 9 желтоқсанында қабылданып қойған болатын. Сол кезде банк басшылығы 2020 жылдың көктемінде көшетіндіктерін де хабарлаған-ды.
Негізінде Ұлттық банкті астанаға көшіру туралы әңгіменің ауады әріден басталады. 2015 жылы Ұлттық банктің бұрынғы басшылығы көштен қалмай көшіп алуды көздегенімен бұл әрекеттерінен түк шықпады. Сол кезде Ұлттық банктің бас ғимаратын Нұр-Сұлтанға ауыстыру туралы шешім 2017 жылдың 1 қаңтарына шегерілген болатын. Бірақ бұл шешім бұрынғысынша тағы а кейінге қалдырылды.
Орталық банктің астанаға ауысуы жайындағы қоғамның пікірі екіге бөлінді. Бір тарап елорда үшін бұл қадам тиімді десе, екіншісі Алматы үшін бірқатар түйтікілді мәселелер туындауы мүмкін екенін айтады. Алдымен оңтүстік астанадан бұл саладағы білікті мамандардың жаппай ауысуы Алматының кадрлық потенциялына айтарлықтай кедергі келтірмек. Оның үстіне Ұлттық банк тәжірбиелі кардрларын жоғалтуы мүмкін. Ал оның орнын алмастыратын мамандар елордада жеткілікті деп айтуға келмейді. Осы орайда, Алматыда банктердің негізгі орталық кеңселері орналасқанын және «үлкен төрттік» компанияларының да сонда екенін, оның үстіне қаладағы ЖОО-ның басым бөлігінде қаржы, банк секторына қатысты мамандар даярдауға машықтанғаны назар аударатындай мәселе болып отыр. Астанадағы маман тапшылығына әсер еткен тағы бір фактор бұған дейін Ұлттық банк Назарбаев Университетіне гранттар бөліп, магистратураға арналған бағдарламаларды қаржыландыратын. Ұлттық банктің магистратура бағдарламасы болған кезде студенттер банк қызметкерлері арқылы білімдерін жетілдірді. Сондықтан сапалы кадрлар ағыны қамтамасыз етілді. Енді бұл бағыттағы жұмыстар тоқтап тұр.