• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Экономика 17 Сәуір, 2020

АҚШ Федералды резервінің балансы бір аптада 300 миллиард долларға өсті

144 рет
көрсетілді

Осы аптада АҚШ Федералды резервінің теңгерімі рекордтық 6,42 трлн долларға жетті, өйткені реттеуші коронавирустық пандемия жағдайында экономиканы қолдау үшін бұрын-соңды болмаған шаралар қабылдады.

Сәрсенбі күнгі жағдай бойынша ФРЖ балансы 300 миллиард долларға артып, 6,13 триллионнан асты, деп жазады Reuters.

Қазір орталық банктің балансы американдық экономика дағдарысқа дейінгі мөлшерінің шамамен 30%-на тең.

ФРЖ өседі деп күтілуде. Реттеуші қаржы нарығын қолдау үшін шектеусіз қазынашылық облигациялармен ипотекалық бағалы қағаздарды сатып алуға уәде берді.

Өткен аптада ФРЖ балансында ипотекамен қамтамасыз етілген бағалы қағаздардың көлемі 1,46 трлн-дан 1,57 трлн долларға дейін өсті. Орталықбанк балансында АҚШ-тың қазынашылық міндеттемелерінің көлемі 3,63 трлн-дан 3,79 трлн долларға дейін өсті.

Шетелдік орталық банктерге өз юрисдикцияларында доллар өтімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін валюталық своп желілерін пайдалану сәрсенбіде бір апта бұрынғы 358,1 млрд доллардан 378,3 млрд долларға дейін өсті.

Бастапқы дилерлік қарыздар өткен аптадағы 33 миллиардтан 33,4 миллиард долларға дейін өсті. Ақша нарығын өзара қолдау бағдарламасын пайдалану, керісінше, бір апта бұрынғы 53,2 миллиард доллардан 50,7 миллиард долларға дейін төмендеді.

Федералды резерв сонымен бірге дисконттық терезе арқылы тікелей банктерге несие беруді жалғастырды. Сәрсенбідегі жағдай бойынша, бұл қарыздар өткен аптадағы 43,45 миллиард доллардан 36,3 миллиард долларға дейін төмендеді

Қазір ФРЖ  балансы американдық экономика дағдарысқа дейінгі мөлшерінің 30% құрайды.

ФРЖ бұл факторды коронавирустық пандемия жағдайында экономиканы қолдау үшін тепе-теңдік қалыптастыру мақсатында қабылданды деп түсіндірді.