Түркия Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сай, 16 сәуірде вирус жұқтырғандар саны 74 193-ке, қайтыс болғандар саны 1 643-ке жетті. 1 854 кісінің жағдайы ауыр. Алайда жақсы нәтиже де жоқ емес. Министрлік 7 089 адамның дерттен жазылып шыққанын хабарлады.
Ақпаратқа сүйенсек, 16 сәуірде 40 427 адамға тест жасалып, оның 4 801-інен вирус анықталған. Кеше 125 адамның вирустан қайтыс болғаны мәлім болды. 1 415 адам жазылып, ауруханадан шыққан.
Коронавирус жұқтырғандар Ыстанбұл қаласында көп. Одан кейін Түркияның ірі қалаларының бірі Измир тұр. Онда 1 105 науқас анықталған. Ал ел астанасы Анкарада 860 кісі тіркелген.