• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Сәуір, 2020

Алматы облысындағы Сарыөзек кенті карантинге жабылады

1733 рет
көрсетілді

Коронавирус инфекциясының бірнеше дерегі тіркелуіне байланысты індеттің таралуына жол бермеу мақсатында Кербұлақ ауданының Сарыөзек кенті карантинге жабылады. Ауылдағы індет жұқтырғандар саны 6 адамға жетті.

– Сарыөзек кентін толықтай оқшаулау туралы ауданның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Е.Ешкеновтың қаулысы қабылданды. Аталған қаулыда карантин кезіндегі шектеулер, санитарлық-дезинфекциялық шаралар туралы егжей-тегжейлі атап көрсетілген. Қаулы талаптарына сәйкес Сарыөзек тұрғындарының үйден шығуына тыйым салынады. Бір отбасыдан тек бір адамға ғана күніне бір рет азық-түлікке, дәріханаға, бірінші кезектегі қажеттіліктер алуға шығуына рұқсат етіледі. Карантин режимін бұзған азаматтар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әкімшілік жауапқа тартылады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сарыөзектегі карантин 17 сәуірден 18-іне қараған түнгі сағат 00.00-ден басталып, 1 мамырға дейін созылмақ.

 

Алматы облысы