• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Сәуір, 2020

Бүгін Гонконгте науқас тіркелмеді

126 рет
көрсетілді

Бүгін Гонконгтің денсаулық қорғау орталығы дүйсенбіде мемлекетте алғаш рет алғаш рет COVID-19 жұқтырған науқас тіркелмегенін хабарлады. 

Мұндай нәтиже соңғы 45 күнде алғаш рет болып отыр. Осыған орай Гонконгтің денсаулық сақтау министрлігі бүгін COVID-19 бойынша күн сайынғы баспасөз брифингісін өткізбеді. Алайда мемлекетте коронавирус жұқтыру қаупін азайту үшін әлеуметтік қашықтық шаралар сақталуда.

Гонконг аурухана басқармасының мәліметінше, COVID-19 диагнозы қойылған төрт науқас қайтыс болған. Ауру жұқтырған және сондай күдік тудырған 630 науқас ауруханадан емделіп шыққан.