Алматыда тағы 4 адам Covid-19-дан сауығып, ауруханадан шықты, оның екеуі 2017 және 2009 жылы туған бала мен екі ересек адам. Сауыққан ер адам мен әйел адамның денсаулығы екі жақты полисегментті пневмонияға байланысты жағдайлары ауыр болған.
«38 жастағы ер адам 10-14 сәуір аралығында өкпені жасанды желдету аппаратында жатқан еді, бүгінде олар сауығып, өздерін жақсы сезінеді», - деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.
Бүгінгі күні мегаполисте індеттен емделіп шыққан 88 адам бар.