• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Сәуір, 2020

Азаматтық авиация саласының субъектілерін қолдау шараларын әзірледі

175 рет
көрсетілді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және Азаматтық авиация комитеті әуе компаниялар мен авиация кәсіпорындарының ұжымдық өтініші негізінде Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп азаматтық авиация саласының субъектілерін қолдау шараларын әзірледі, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Осыған орай Қазақстан Республикасының Үкіметі кейбір салықтар мен әлеуметтік төлемдердің мөлшерлемелеріне «0» коэффициентін белгілеу туралы қаулы шығарды. Сөйтіп енді әуе жолаушылар көлігінің қызметіне, сондай-ақ әуежайлар қызметіне әлеуметтік салықтың, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдардың мөлшерлемелеріне «0» коэффициенті қолданылады.

Бұл сала үшін күрделі кезеңде мемлекет тарапынан қарқынды қолдау болып табылады.