• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Сәуір, 2020

Қазақстанда суармалы жерлер қайта қалпына келтіріледі

411 рет
көрсетілді

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз бөлімі қай аймаққа қанша қаржының бөлінетінін айтты.

Қазіргі уақытта даму банктерінен алынған несиелер 134,3 млрд теңгені, республикалық бюджеттен қаржыландыруға 86,7 млрд теңге бөлінді.  Жиынтығы  221 миллиард теңге.

Министрлік негізгі инвестициялар агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жасалынғанын айтты. Бағдарламаға сәйкес, осы уақыт ішінде 610 мың гектар алқаптың суландыру инфрақұрылымын қалпына келтіру қажет.

Сонымен бірге, 2017 жылдан бастап 2019 жылға дейін мұны 146 мың гектар жерге, оның ішінде 2019 жылы 66 мың гектар жерге жасауға мүмкіндік туды. Бірінші кезеңде 128,0 мың га алқаптағы суармалы жерлердің инфрақұрылымын қалпына келтіру үшін Ислам даму банкінің (ИДБ), Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) халықаралық қаржы ұйымдарынан тартылған қаражат тартылды» деп атап өтті Экология министрлігі. Министрлік 2017 жылдан бастап 2024 жылға дейін Алматы және Түркістан облыстарында суландыру және дренаждың жалпы көлемі 136,8 мың га болатын жерлерін ИДБ қарыз қаражаты есебінен қалпына келтіргенін қосты.

35,4 мың га - Алматы облысында, 101 мың га - Түркістан облысында. Жобаның жалпы құны 53,2 млрд. Теңгені құрайды. Оның 48,3 млрд теңгесі - ИДБ, 4,9 млрд теңге - республикалық бюджеттен.

ЕҚДБ-нің қаражаты есебінен Ақтөбе, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жалпы суару алаңы 92,7 мың га болатын су шаруашылығы және ирригациялық-дренаждық жүйелерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде Ақтөбе облысының 15,9 мың га, Жамбыл облысының 51 мың га және Түркістан облысының 25,7 мың га. Жоба 2017 жылдан 2024 жылға дейін жүзеге асырылуда. Жобаның жалпы құны 60,9 млрд  теңгені құрайды. Оның 53,9 млрд теңгесі - ЕҚДБ және 7 млрд теңгесі - республикалық бюджеттен.

«Екінші кезеңде Азия даму банкі (АДБ) жалпы ауданы 171 мың га болатын Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды ​​және Қызылорда облыстарындағы суармалы жерлердің инфрақұрылымын қалпына келтіру мәселесін қарастыруда» деп толықтырды министрлік.

Сонымен қатар Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің (ХҚДБ) көмегімен Сырдария, Талас, Шу және Іле трансшекаралық өзендерінің бассейндеріндегі судың қол жетімділігі мен суармалы жерлердің жағдайын жақсарту жоспарлануда. 2015-2022 жылдар аралығында жобаға 106,9 млрд  теңге бөлінеді. Оның ішінде ХҚДБ қарызының үлесі 32,1 млрд теңгені (30%), республикалық бюджеттен қосымша қаржыландыру 74,8 млрд теңгені (70%) құрайды. Жоба 105,1 мың гектар жерде ескірген ирригациялық және дренаждық жүйелерді қалпына келтіруді қарастырады. Оның ішінде Алматы облысында - 12,4 мың га, Жамбыл облысында - 15,2 мың га, Түркістан облысында - 62,4 мың га және Қызылорда облысы - 15,1 мың га.