Бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15-тер шамасында халықаралық мұнай биржасында Brent маркалы мұнайдың бағасы 19 долларға дейін құлдырады.
Бұл 2002 жылдың ақпан айынан бергі ең төменгі баға, деп хабарлады РБК телеарнасы.WTI мұнайының биржадағы бағасы құлдырағаннан кейін осы жағдай Brent мұнайына фьючерс бағасына да әсер етуде. Оның бағасы да соңғы 18 жылдан бергі ең төменгі деңгейге түсті. Қалыптасқан жағдай инвесторлардың алаңдаушылығын туғызуда.