• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Сәуір, 2020

Алматының бас дәрігері де қызметінен кетті

643 рет
көрсетілді

Бүгін Алматы қаласының бас дәрігері де ауысқаны ресми мәлім болды. Осы қызметті 2019 жылдың қарашасынан бері атқарып келген Тілеухан Әбілдаев қызметінен өз еркімен кетті. Біз бұған дейін де коронавирустық инфекция жұқтырғандармен тікелей байланыста болған Тілеухан Әбілдаевтың өзін өзі оқшаулап, кабинетінде қонып жүргені туралы хабарлаған едік...

Қазіргі күндері Алматыда COVID-19 диагнозы өкінішке орай, дәл медицина қызметкерлерінің арасында белең алып тұрғаны аян. Алматыда 21 сәуірде коронавирустық инфекция жұқтыруға байланысты 669 оқиға тіркелсе, оның басым бөлігі дәрігерлердің өзінен табылып отыр.

Осыған келеңсіз жағдайлардың орын алуына байланысты таяу күндері Алматы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова да қызметінен кеткен болатын.

Ендігі жерде Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшылығына ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі сынды лауазымды қызмет атқарып келген Камалжан Надыров тағайындалды.