• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Сәуір, 2020

Екі азамат жамбылдық жедел штабтың көмегімен елге оралды

166 рет
көрсетілді

Ағымдағы жылғы қаңтар айының басында жамбылдық биіктіктегі монтажшылар Алексей Рожков пен Виктор Логинов Ресей мемлекетінің Тобольск қаласына әуежай құрылысына аттанады. Алайда, жерлестеріміз екі апта бойы сондағы қонақүйде болып жұмысты күткенімен, ешбір нәтиже болмады.

Себебі, оларды шақырған компания банкротқа ұшыраған екен. Үйлеріне табыссыз оралғысы келмеген олар әрі қарай Сүргутқа бет бұрады. Бірақ мұнда да оларға ақша төлейді. Сөйтіп олар одан әрі солтүстікке – Ямало-Ненецк автономиялық округіне барады. Бірақ бұл кезде Ресей мемлекетінде коронавируспен күрес басталып кетіп, тіпті кейбір өңірлерде карантин де енгізіледі. Ресей жағы оларды кері қайтатын билеттермен қамтып, екі азамат пойызбен Қазақстан шекарасына дейін жеткізіледі. Сөйтіп Солтүстік Қазақстан облысының Мамлютка ауылына тұрақтайды.

 Бірақ олардың туған қалалары Таразға жетуге мүмкіндіктері болмаған. Істің мән-жайын білген аталған ауыл әкімдігі Жамбыл облысының жедел штабына байланысқа шығады. Мән-жайдан хабардар болған штаб мүшесі, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібеков бұл шаруаны өз қолына алады. Нәтижесінде бүгін тараздық тұрғындар үйлеріне аман-есен оралды. Аталған еңбек мигранттары COVID-19 талдауларын тапсырып, абырой болғанда оның қорытындысы теріс нәтиже көрсеткен. «Бізге таксимен Нұр-Сұлтан қаласына дейін жетіп алуға көмектесті. Ол жақтан тараздық көлік компаниясының автобусымен оралдық. Егер облыстық жедел штаб көмектеспегенде, сыртта қанша уақыт жүретініміз белгісіз еді», дейді Алексей Рожков.

 

Жамбыл облысы