• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Сәуір, 2020

Несиесін кейін төлейді

144 рет
көрсетілді

Еліміздің өндірістік орталықтарының бірі Ақтөбеде шағын және орташа бизнес субъектілерінің облыс экономикасының дамуына қосқан үлесі 22-23 пайыз төңірегінде. Бұл өндірісі дамыған өңір үшін төмен көрсеткіш емес.

Сондай-ақ өңірде шағын және орта бизнеспен шұғылданушылар үлесі экономикалық жағынан белсенді ха­лық­тың 33,5 пайызын құрайды. Бұл де­рек республикалық орташа көрсет­кіштен 3 пайызға төмен. Себебі эко­но­микалық тұрғыда белсенді азамат­тардың дені өңірдегі ірі кәсіп­орындарға шоғырланған.

Пандемияның салдарынан өңір­дегі шағын және орта бизнес субъектілерінің қабырғаларына қара тастай батып жүрген мәселелер аз емес. Кәсіпкерлік өкілдері тарапынан түскен түрлі сауалды талдаған «Атамекен» ҰКП Ақтөбе об­лыстық бөлімшесі басты мәселе салық төлемдері екенін анықтаған бо­латын. Әйтсе де Мемлекет басшы­сы шағын кәсіпкерлік өкілдеріне қолдау көрсетудің барлық шараларын белгілеп берді. Жеңілдіктер салық жә­не несие төлемдеріне қатысты мәсе­лемен шектеліп қалмағаны аян. Бұл ба­ғытта Ақтөбе қаласындағы сауда орта­лық­тарында кәсіпкерлердің жалға алатын орындарына төленетін ақы 30-70 пайызға дейін азайтылды.

– Бүгінге дейін шағын және орта бизнес субъектілері тарапынан несиені кейінге қалдыру мәселесі бойынша 765 тапсырыс түсті. Соған сәйкес жал­пы сомасы 11 млрд теңге несие қара­жаты бойынша 694 тапсырыс мақұл­данды. Сөйтіп, кәсіпорындар үшін бір айдан үш айға дейінгі несие қаражат­тарын кейінге қалдыру мерзімі қарас­тырылды, – деді «Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Анар Даржанова.

 

Ақтөбе облысы