• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Сәуір, 2020

Ақтөбеде мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру онлайн-режимде өтуде

286 рет
көрсетілді

Еліміздегі төтенше жағдай кезеңінің енгізілгенін ескере отырып, Мемлекеттік басқару академиясының филиалы онлайн-оқыту режиміне көшті.

Филиал директоры Саида Садуақасованың айтуынша, соңғы орын алған жағдайға байланысты білім беру ұйымымен мемлекеттік қызметшілермен қашықтық байланыс орнатылып, қондырғылар сынақтан өткізіліп, онлайн-оқытуды өткізуге арналған материалдар әзірленді.

Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде «Көшбасшылыққа қол жеткізу стратегиялары» тақырыбында алғашқы семинар ұйымдастырылды.

Аталған семинарда 22 тыңдаушылар біліктілігін арттыруда.

Семинардың ашылуына қатысқан облыстық мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары Рафхат Бисенов мемлекеттік қызметшілерді оқытудың үздіксіз өткізілуінің маңыздылығын атап өтіп, алғашқы онлайн-семинар жұмысына сәттілік тіледі.