Ресей валютасы мұнай бағасының күрт құлдырауынан арзандап отыр деп хабарлады РБК телеарнасы.
Телеканал дерегінше, Ресейде кеше Мәскеу уақыты бойынша 12:16-минутта 1 доллар бағасы 77 рубльге дейін өсті. Бұл Ресей валютасы үшін үстіміздегі жылдың 6 сәуіріндегі бағаға сәйкес келетін құлдырау. Сөйтіп доллар бағамы 1,8 рубльге өсіп шыға келді. Ал еуро бағамы 83,42 рубльге дейін көтерілген.