• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Сәуір, 2020

Қазақстан өңірлерінде автомобиль жолдары саласындағы 350 жоба іске асырылады

465 рет
көрсетілді

​Биыл Қазақстан өңірлерінде автомобиль жолдары саласындағы 350 жоба іске асырылады деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Автомобиль жолдары саласының алдында тұрған басымдықты міндеттердің бірі – қазақстандықтарды «үйге дейінгі сапалы жолмен» қамтамасыз ету.2020 жылы автомобиль жолдарының 4 мың шақырымы жөндеу жұмыстарымен қамтылатын болады. Бұл ретте ел өңірлерінде 350 жоба іске асырылып, жөндеу жұмыстарына 30,5 мың адам жұмылдырылады. 

Еске салайық, жергілікті жолдардың жалпы ұзындығы 70, 9 мың шақырымды құрайды. 2025 жылға дейін елімізде жергілікті жолдардың 27 мың шақырымы жөнделеді деп жоспарлануда. Бұл өз кезегінде жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың үлесін 95% дейін жеткізуге мүмкіндік береді.