• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Сәуір, 2020

«7-20-25» бағдарламасына 29 405 өтінім қабылданды

195 рет
көрсетілді

«7-20-25» Бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 16 сәуірдегі жағдай бойынша қарыз алуға 334,42 млрд теңге сомасына 29 405 өтінім қабылданған. Нәтижесінде 199,31 млрд теңге сомасына қарыз беруге 17 355 өтінім мақұлданды.

Сонымен қатар, «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламасының жылдық ставкасы ай басында 11,25% дейін төмендетілді. Мөлшерлеменің өзгеруі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 2020 жылғы 6 сәуірден бастап базалық мөлшерлемені 9,5% дейін төмендетуіне байланысты. 6 сәуірдегі жағдай бойынша 22 742 қазақстандық отбасы «Баспана Хит» бағдарламасы бойынша үйлі болған. Берілген несиелердің жалпы сомасы 184 млрд теңгені құрап отыр.