• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Сәуір, 2020

Қарағанды облысы: COVID-19-дан жазылғандар саны 19-ға жетті

165 рет
көрсетілді

Бүгін Қарағандыда COVID-19 дертін жұқтырған екі науқас ауруханадан жазылып шықты. Екеуі де кеншілер астанасының тұрғыны. Олар толық емдеу курсынан өтті және екі мәрте ПТР-талдау теріс нәтиже көрсеткеннен кейін, 14 күнге созылатын үй карантиніне шығарылды.

Сонымен, бүгінге дейін Қарағанды облысында коронавирустан емделгендердің саны 19 адамға жетті.

Провизорлық стационарларда 194 адам бар, карантиндік госпитальдарға 415 адам жатқызылған. Үй карантинінде 2 487 адам отыр, ал 404 адам үй карантинінен шығарылды.

 

 

Қарағанды облысы