• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Спорт 24 Сәуір, 2020

Соңғы 25 жылдың ең үздік 25 футболшысы

294 рет
көрсетілді

Ұлыбританияның Four Four Тwo журналы соңғы 25 жылдағы ең үздік 25 футболшының тізімін жасап, соны көпшілік назарына ұсынды.

Теңбіл доптың теңдессіз шеберлерінің түзімін Лионель Месси бастап тұр. Енді дәл екі айдан кейін 33 жасқа толғалы отырған аргентиналық шабуылшының бағындырмаған белесі жоқ. «Барселонамен» бірге ол футболда бар атақтың барлығын иеленді.  Бір ғажабы, каталониялық команданың сапында 603 кездесу өткізген Месси 687 голдың авторы атанды.  ФИФА мен «Франс Футболдың» тарапынан тағайындалған әлем мен қарт құрлықтың ең үздік ойыншысына тиесілі «Алтын допты» алты рет олжалады. Аргентина құрамасымен бірге Олимпиада чемпионы және әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.  

 

Ал ширек ғасырдағы «ТОП-25» футболшының толық тізімін мынадай:

 

1. Лионель Месси2. Криштиану Роналду3. Зинедин Зидан4. Роналдо5. Роналдиньо6. Тьерри Анри7. Хави8. Андрес Иньеста9. Паоло Мальдини10. Роберто Баджо11. Ривалдо12. Фабио Каннаваро13. Райан Гиггз14. Кака15. Уэйн Руни16. Луиш Фигу17. Габриэль Батистута18. Эрик Кантона19. Лука Модрич20. Серхио Бускетс21. Рауль22. Пол Скоулз23. Ромарио24. Серхио Рамос25. Джанлуиджи Буффон