• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Сәуір, 2020

Атырау: Теңіз кенішінің 10 жұмысшысы коронавирус жұқтырған

354 рет
көрсетілді

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабтың мәліметіне сүйенсек, Теңіз кенішінің 10 жұмысшысынан қауіпті індеттің белгісі анықталып отыр.

Оның тоғызы – (1996, 1992, 1983, 1992, 1993, 1980, 1979, 1970, 1960 жылдары туған) ер адам, біреуі – 1989 жылғы әйел. Олар коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандықтан, бұған дейін  карантиндік стационарға жатқызылған.

– Олардан зертханалық сынамалар алынып, ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы қойылды. Қазіргі таңда  науқастар  жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Жағдайлары қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алып жатыр. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу, залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде, -деп хабарлады жедел штабтан.

Бүгінгі, 25 сәуірдегі таңертеңгі жағдай бойынша Атырауда  COVID-19 инфекциясын жұқтырған 98 адам тіркелген. Жазылып шыққандар – 35 адам.