• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Спорт 27 Сәуір, 2020

Англияның ең үздік футболшысы анықталды

457 рет
көрсетілді

Ұлыбританияның The Athletic басылымы Англия Премьер-лигасының (АПЛ) ағымдағы маусымының ең үздік футболшыларын анықтады.

Үздіктер көшін Кевин Де Брюйне бастап тұр. 28 жастағы «Манчестер Ситидің» жартылай қорғаушысы айтулы команда сапында 2015 жылдан бері өнер көрсетуде. АПЛ-дың ең мықты теңбіл доп шеберлерін анықтау барысында Бельгияның тумасы «Ливерпульдің» ойыншылары – Трент Александер-Арнольд, Вирджил ван Дейк, Садио Мане, Джордан Хендерсон және «Лестердің» сұрмергені Джейми Вардиді басып озды.

АПЛ-дың ең үздік футболшыларының толық тізімі мынадай: Алисон Беккер, Трент Александер-Арнольд, Вирджил ван Дейк, Энди Робертсон («Ливерпуль»), Чаглар Сеюнджю («Лестер»), Кевин Де Брюйне («Манчестер Сити»), Джек Грилиш («Астон Вилла»), Джордан Хендерсон, Садио Мане, Мұхамед Салах («Ливерпуль») және Джейми Варди («Лестер»).