Осыдан дәл 112 жыл бұрын, яғни 1908 жылдың 27 сәуірінде Лондон Олимпиадасы басталды. Төртінші рет ұйымдастырылған жазғы ғаламдық ойындарда 22 мемлекеттен келген 2008 спортшы бақ сынады. Олар 22 спорт түрі бойынша 110 жүлде жиынтығын сарапқа салды.
Олимпия ойындарының жалпы командалық есебінде Ұлыбритания құрамасы көш бастады. Жарыс қожайындары 146 (56 алтын+51 күміс+39 қола) жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ АҚШ (23+12+12), Швеция (8+6+11), Франция (5+5+9) және Германия (3+5+5) сынды мемлекеттер үздік бестіктің қатарынан көрінді.
Жекелеген спортшылар арасында ең зор нәтижеге ұлыбританиялық жүзуші Генри Тэйлор мен америкалық жеңіл атлет Мелвин Шепперд қол жеткізді. Олардың әрқайсысы үш алтыннан олжалады. Сонымен қатар, ұлыбританиялық Бенджамин Джонс (2+1+0), Джозайя Риччи (1+1+1), Томас Рэнкен (0+3+0), швециялық Оскар Сван (2+0+1), америкалық Мартин Шеридан (2+0+1) сынды саңлақтар да үш реттен жеңіс тұғырына көтерілді.