• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Спорт 28 Сәуір, 2020

Динара Сәдуақасова әлем құрамасы сапында өнер көрсетеді

125 рет
көрсетілді

Халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ) Chess.com порталымен бірлесе отырып, «Online Nations Cup» деп аталатын командалық турнирді өткізеді.

5-10 мамыр аралығында жалауы желбірейтін жарыста АҚШ, Қытай, Үндістан, Ресей елдері және Еуропа мен әлем құрамалары жеке-жеке команда жасақтап, өзара шеберлік байқасады. Қазақстандық жанкүйерлер үшін ең қуанышты жағдай, ел мақтанышы Динара Сәдуақасова әлем құрамасының қосалқы ойыншысы ретінде осы сайыста өнер көрсетеді.

Ал айтулы команданың негізгі құрамында әзірбайжандық Теймур Раджабов, ирандық Әлиреза Фируджа, мысырлық Бассем Әмин және украиналық Мария Музычук сынды сақа шахматшылар бар. Капитандық міндет ФИДЕ президенті Аркадий Дворковичке жүктеліп отыр.