COVID-19 пандемиясы салдарынан зардап шеккен әуе кемелері жеткілікті. Тіпті, бұл нарыққа ықпал етуге итермелейтін шешімдер қабылдауда. Мысалы, Аргентинадағы азаматтық авиацияның Ұлттық әкімшілігі қабылдаған жаңа ережелерге сәйкес елдің ішінде коммерциялық әуе компанияларға қыркүйек айына дейін ұшуға мүлдем тиым салынған.
Әзірге карантин кезіндегі әуе тасымалына жасалған ең ұзақ шештеу осы елде тіркеліп отырғанын шетелдік БАҚ жарыса жазуда. Осы орайда бұл жекеменшік компаниялар мемлекет меншігіндегі әуе кемелерімен бәсекелес екені анықталып отыр. JetSMART әуе кемесінің атқарушы директоры Эстуардо Ортиз журналистерге берген сұхбатында жекеменшік ұшақтың енді жұмысын бастағанын, оларға шектеу қою туралы ешкім ескертіп я болмаса бұл мәселенің талқыға түспегенін айтып, қынжылған. Ол сұхбатында елдегі әуе-саяхат индустриясы бір мүдде үшін жұмыс жасамай, бәсекеге қабылетті болуы керек екенін де айтыпты.
Карантин кезінде тақыр таянған әуе компанияларының тек үкіметке иек артпай, басқа жолдарды да қарастыруы керектігін Ұлыбританияның қаржы министрі Риши Сунак бұған дейін де айтқан болатын. Оның сөзінше, мемлекеттің қолдауы ең соңғы нұсқа ретінде қаралуы тиіс. Риши Сунак дәл қазіргі жағдайда компанияларға акционерлерден ақша жинап, «күнелуге» кеңес береді.
Нарықтың балталасаң бұзылмайтын өз заңдылығы бар. Ешкімге тегіннен тегін көмек көрсетілмейді. Тіпті, қазіргі қысылтаяң кезеңде де әр сала өз қамын күйіттеп әлек. Осы ретте Француз билігі Air France-KLM әуе компаниясына көмектесу үшін жалпы сомасы 7 млрд еуроны құрайтын ұзақмерзімді уақытқа несие берді. Air France-KLM басшылығы барлық кететін шығындарды екшелеп, салықтар мен төлемдерді кейінге қалдырғанның өзінде тіпті, кейбір ұшақтарды есептен шығару мерзіміне жетпестен қолданбайтынын, кейбір қызметкерлердің еңбекақысын қысқарту жоспарланып отырғанын айтады. Сөйтіп, алдағы уақытта үнемдеудің барлық жолдары қарастырылатын жаңа жоспар құрылмақ.