• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Әлем 01 Мамыр, 2020

COVID-19: АҚШ вируспен күресу үшін Қазақстанға көмектеседі

216 рет
көрсетілді

«CDC (АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары) агенттігі Қазақстан үкіметіне Орталық Азия елдеріне 6,8 миллион доллар көлемінде жан-жақты көмек көрсету аясында COVID-19 өршуіне қарсы күреске Қазақстан үкіметіне 1,68 миллион доллар бөледі», деп хабарлады АҚШ елшілігі.

Жергілікті үкіметтермен бірлесе отырып, CDC Central Asia бұл қаражатты пандемия кезіндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін пайдаланады. Оларға: COVID-19 тестілеу үшін зертханалық жабдықтар мен құрал-жабдықтар сатып алу, медициналық қызметкерлер үшін тренингтер ұйымдастыру, шекарада сауықтыру шараларын өткізуге техникалық көмек көрсету, сондай-ақ клиникалық хаттамаларды әзірлеуге және енгізуге көмек.

«Біз қаңтар айынан бастап Орталық Азиядағы COVID-19 жағдайын мұқият қадағалап отырмыз және аймақтың барлық үкіметтеріне індетке қарсы әрекет ету үшін техникалық көмек ұсынамыз»,  дейді Орталық Азия бойынша CDC директоры доктор Дэниел Сингер.

CDC Central Asia Орталық Азияның денсаулық сақтау министрлігіне эпидемияның алғашқы күндерінен бастап тренингтер ұйымдастырып, төтенше жағдайлар кезінде техникалық көмек көрсету, зертханаларда жұмыс істеу, жұқпалы аурулардың алдын алу және бақылау, шекара өткізу пункттерінде тексеру және ақпараттандыру арқылы қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, CDC тарату үшін жетекші халықаралық денсаулық сақтау ұйымдары шығарған техникалық оқулықтарды орыс тіліне аударады.

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер бұл қосымша қаржыландыру біздің Қазақстанға COVID-19-ның таралуына қарсы тұру бағытын ұстанатындығымызды көрсететін айтты. «CDC мен Қазақстан арасында соңғы 25 жыл ішінде қалыптасқан денсаулық сақтау саласындағы серіктестік. Біз коронавирусты жеңеміз», - дейді Уильям Мозер.

CDC Орталық Азия елдерінің үкіметтерімен денсаулық сақтау мәселелері бойынша ұзақ уақыттан бері жұмыс істейді. Алғашқы CDC филиалы 1995 жылы Алматыда ашылған, бүгінде орталықтың Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанда кеңселері бар. CDC денсаулық сақтаудың барлық министрліктерімен жергілікті зертханалардың, қадағалаудың және адами ресурстардың әлеуетін күшейту үшін жұмыс істейді, бұл елдерде аурудың алдын-алуға және оған тиімді әсер етуге мүмкіндік береді. Наурызда АҚШ үкіметі Қазақстанға коронавирустық инфекциямен күрес әлеуетін күшейту үшін 890 мың доллар бөлуге дайын екендігі туралы хабарлаған болатын.