Алла Тағала «Әнфал» сүресі, 29-шы аятта: «Мен шыншыл құлыма ақ пен қараны ажырататын ілім берем» деген. Ақ пен қараны ажырату деген не?! Мысалы, сіздің алдыңызда екі қиындық немесе екі жақсылық іс тұр дейік. Ақ пен қараны ажырататын адам – қиындықтың жеңілін, жақсылытың абзалын таңдайды.
Осы таңдауды дұрыс жасау үшін білім керек. Демек ғұламалар «Білім - амалдың басы» дегенді тегін айтпаған. Яғни, сөз бен амалдың дұрыс болмағы білімнен. Амал дұрыс болмаса нәтиже де болмайды. Яғни нөл. Ендеше, амалдың нәтижелі болуы білімге байланысты. Сол үшін адам нәтиже беретін білім іздеу керек.
Мысалы, сізге бір жұмыс тапсырылып, одан нәтиже сұралмайтын болса, оған бас ауырытпайсыз. Ойыңызға не келсе соны істейсіз. Жұмыстың быт-шытын шығарасыз.
Сол сияқты мына өмірдің мәнін білмейтін адам ойына келгенді істейді. Ондай адамдар үшін: ақырет, қияметтің сұрауы, есеп беру, Алла алдында амалдардың таразылану т.б. өтірік сияқты елестейді. Өйткені, ол нәтижені білмейді. Өз қалауымен өмір сүреді.
Қысқасы, адам баласы қалай өмір сүресің оны өзің таңдайсың. Таңдау – Алла Тағаланың адамға берген шексіз еркіндігі һәм нығметі. Бірақ Алла Тағала рұхсат етпеген еркіндік бізге - зиян. Рұхсат еткен еркіндігі бізге – пайда. Осыны айырма білуді – ақ пен қараны ажырату дейді.