• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Мамыр, 2020

Шығыс журналистикасы - жаңа даму векторында

316 рет
көрсетілді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «ORIENT» шығыс журналистикасы ғылыми орталығы ашылды. ҚазҰУ-дың журналистика факультеті мен «AFG-QAZ» Ауғанстан-Қазақстан серіктестік қауымдастығымен екі тараптық ынтымақтастық аясында  «Orient» ғылыми орталығының құрылды.  «Orient» орталығының ережесіне сәйкес, AFG-QAZ қауымдастығы басты серіктес болып табылады.

«Orient» орталығының зерттеу қызметі Таяу Шығыс және Орталық Азия, соның ішінде Ауғанстан мен Қазақстанды қамтиды.  Қазіргі уақытта ауған елінен келген жастар Қазақстан Республикасының Ауғанстан Ислам Республикасына арналған Мемлекеттік білім бағдарламасы арқылы ҚазҰУ-да үкіметаралық грант негізінде бакалыр, магистрлік және PhD докторлық бағдарламары бойынша білім алуда. 

«Orient» орталығының негізгі мақсаты  Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері журналистикасы мен жаңа медиа саласындағы білім беру мен ғылыми-зерттеу шараларын ұйымдастыру, өткізу.  Орталық жұмысының басты мақсаты Шығыс елдерінің медиа нарығы мен білім еру жүйесімен бірлескен мәдени-ағарту, ғылыми-зерттеу және ақпараттық-имидждік қызметті үйлестіру, орындау саналады.

Биыл Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның бастамасымен Бүкіләлемдік радио күніне және Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған VII Халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебіне  Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Ауғанстан елдерінен келген БАҚ басшылар, редакторлары шығыс журналистикасын зерттейтін Орталық құру бастамасын қолдады.

«Шығыс елдері журналистикасын зерттеу Азия елдерінің медиа мәдениетін қалыптастыруға ықпал етері сөзсіз», - дейді TOLOnews ТВ-нің саяси шолушысы, Ауғанстан журналисі  Абу Муслим Ширзад.

«Orient» орталығы ұйымдастыруымен «Журналистикадағы ерлігі» үшін сыйлығы жылына бір рет әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектері Кабулдағы  террактіде қызмет бабында қайтыс болған телерепортер Саид Самим мен Ауғанстанда әскери соғыс қимылдарына қатысқан жауынгер журналист Ержан Сұлтанбаев құрметіне тағайындалатын болады. Бұл шара шығыс елдерінің журналистерінің кәсбіи ынтымақтастығын арттыруға ықпал етеді.