TAV Airports Holding түрік компаниясы Алматы халықаралық әуежайының 100 пайыз акциясын сатып алды. Акцияның құны 415 миллион доллар.
TAV Airports холдингінің консорциумдағы үлесі 75 пайыздан аз болмаған. Алда құжаттардың барлығы заңдық тұрғыдан реттелген соң барлық акцияны табыс ету жүзеге аспақ.
TAV Airports Holding компаниясының иелігінде әуежайлар көп. Алматы әуежайы 15-ші болмақ.
«Қазақстан географиялық жағынан да, экономикалық жағынан да ірі ел. Алматы – ішкі жалпы өнімнің 20 пайызы тұтынылатын үлкен қала. Одан басқа «заманауи Жібек жолының», яғни, Қытай, Еуропа, Африканы байланыстырып тұрған ірі орталық. Оның әлеуеті зор. Біз өзіміздің білімімізге сүйеніп, іс-әрекеттерді жүзеге асыратын боламыз», - дейді холдингтің президенті және абс директоры Сани Шенер.
Ашық дереккөздерге сүйенсек, Алматы әуежайының 100 пайыз акциясы Venus Airport Investment B.V. компаниясына тиесілі болған.