• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Мамыр, 2020

Әлеуеті зор кәсіпорында жеке конструкторлық бюро жұмыс істейді

478 рет
көрсетілді

«С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ 1942 жылы Алматы қаласында құрылған. Қазір кәсіпорын кеме гидравликасы бұйымдарының 200-ден астам түрін өндіреді, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.

Кәсіпорын сонымен қоса теңіз қару-жарағының арнайы бөлімдерін, жану автоматикасы бұйымдарын, темір жол саласына арналған бұйымдарды (130-дан астам түрі), тау-кен және мұнай-газ секторларын жаңғыртуға және қалпына келтіруге маманданған.

Зауыт өз бастауын 1882 жылдан алады. Сол жылы Украинаның Үлкен Тоқмак Таврия жерінде неміс кәсіпкерлері Фукс және Клейнермен ауыл шаруашылығы машиналарын өндіретін кәсіпорын құрды.

1935 жылы 9 шілдеде зауытқа С. М. Киров есімі беріледі және КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің қаулысымен теңіздегі қозғалатын теңіз миналары мен қаруының бірінші отандық үлгісін жасауға кірісу тапсырылады. Зауыт қайта жаңартылып, С. М. Киров атындағы № 175 зауытқа айналады. Осы сәттен бастап зауыт парогаз торпедалар өндірісі бойынша кәсіпорын болды. Торпедалардың алғашқы үлгілері 1937 жылы әскери-теңіз флотын қаруландыруға берілді.

1940 жылы Ұлы Отан соғысының басында стратегиялық маңызы бар зауыт Махачкала қаласына, ал 1942 жылдың соңында Алматыға көшірілді. Дәл Қазақстанда КСРО-да күрделі машина жасау өнімдерін шығаратын бірегей және жалғыз өндірістік база - жылу қозғалтқышы қондырғылары бар торпеда құрылды.

1950-1980 жылдар кезеңі. Киров атындағы машина жасау зауыты кеңес қорғаныс өнеркәсібінің ең ірі және құпия кәсіпорындарының қатарына енді. Өзінің ғылыми-техникалық және технологиялық әлеуеті бойынша «кировецке» тең кәсіпорындар Батыстың ең дамыған елдерінде де сирек еді. ­Өнімділігі жағынан да зауыт тек КСРО-да емес, әлемдегі ірі торпедалар өндірушісі болды.

1990 жылдар. «С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік жөніндегі Алматы аумақтық комитетінің 1993 жылғы 30 желтоқсандағы №257 қаулысы негізінде құрылып, нәтижесінде «С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты» МК пайда болды

2003 жылдан қазіргі уақытқа дейін. ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы №244 қаулысына сәйкес «С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ акцияларының мемлекеттік пакеті «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ жарғылық капиталын төлеуге берілді.

«С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ:

- тау-кен металлургия саласы бойынша - бұрғылау коронкаларын, илемдеу орнақтарын, электр балғаларды, электр перфораторларды, құрал-саймандарды және т. б. өндіру;

- темір жол саласы бойынша - қосалқы бөлшектер мен жинақтаушылардың 1200-ден астам түрін өндіру;

- мұнай-газ өндіру саласында - сағалық шлангтық тереңдік сорғы арматурасын өндіру, шарлы крандар, фланецтер және т. б.;

- экономиканың басқа салалары - механикаландырылған көп деңгейлі тұрақ, электр көлігі, қоршау торлы бұйымдар және т. б. өндірісі үшін өнім өндіруге мүмкіндігі бар.

Айта кету керек, зауыттың барлық технологиялық процестері кез келген күрделіктегі ғылымды қажетсінетін бұйымдар дайындаудың толық циклі бар. Зауыттың өндірістік базасы металл өңдеу цехтарын, құю және құрал-саймандық цехтарды, термиялық өңдеу цехын, ұста нығыздау цехын, гальваникалық жабындар цехындарын, сондай-ақ басқа да өндірістік үй-жайларды қамтиды. Ғылыми-зерттеу және конструкторлық әзірлемелерді жүргізетін жеке конструкторлық бюроның және зертханалық-талдау орталығының болуы -  зауыттың маңызды артықшылығы. Зауытта 100-ден астам авторлық құқық пен пайдалы модельдер мен өнертабыстарға патенттер бар.