Бүгін, 10 мамырда Қарағанды облысында COVID-19 індетін жұқтырған екі пациент сауығып, ауруханадан шығарылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ем қонғандардың екеуі де Теміртау қаласының тұрғындары. Олардың бірі 1938 жылы туған ер адам, Дәрігерлер оған орташа дәрежедегі коронавирус инфекциясы диагнозын қойған. Ад 14 жастағы қыз бала жеңіл дәрежелі дертке шалдыққан.
Толық емдеу курсынан өткен соң және екі мәрте ПТР-талдау теріс нәтиже көрсеткеннен кейін, олар үй карантиніне шығарылды.
Бүгінге дейінгі мәліметке сай, Қарағанды облысында COVID-19 індетінен сауыққандардың жалпы саны 94 адам болды.
Қарағанды облысы